Кіру

БІЗ ЕСІМІЗДЕ !!!

9 мамыр – Жеңіс Күні – қуанышты да қайғылы, мәртебелі мейрам, халқымыздың ерлігі мен даңқының жарқын көрінісі. Жылдан-жылға алыстап бара жатқанына қарамастан Ұлы Жеңістің анық бағасы мен маңызы біздің жадымызда мәңгі орын алады.

Осы мереке қарсаңында Калиновка ЖОББМ мектепке дейінгі сыныбында "Бейбіт күн жасасын әлемде" атты ашық сабақ өткізілді. Өскелең ұрпаққа аға буын-ардагерлері танытқан қаһармандық пен қайсарлыққа тәрбиелеу мақсатында балалармен шығармашылық жұмыс жүргізілді.

Осынау ерлікке толы күн тарихымыздың мәңгілік ұмытылмас парағы болып қала бермек. Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!

474 473